Қ.Тоқаев: Даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет «Егемен Қазақстан» және «Айқын» газеттеріне сұхбат берді. Сұхбат барысында тілші: «Ұлт ұстазы Абай Құнанбайұлы ХІХ ғасырдағы қазақтың мінез-қалыбын барынша өткір сынға алып еді. ХХІ ғасырдағы кердең мінезге нені жатқызар едіңіз?», — деп сұрады.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне берген сұхбатының толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Қасым-Жомарт Тоқаев даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет екендігін атап өтті. «Даңғазалық, ысырапшылдық. Бізге даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет. Осы туралы бұрынырақта, әлеуметтік желіде пікірімді де жаздым. Ұлы Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды» дейді. Бізге надандықтан құтылу қажет. Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік, ұлттық ұстанымға адал, білімді, өткір, отаншыл жастарымыздың тұтас бір буыны қалыптасты. Біз соларға арқа сүйейміз. Олар Абай айтқан бес асыл іске берік – талапшыл, еңбекшіл, ойшыл, қанағатшыл, рақымшыл болса – онда біздің еліміздің болашағы жарқын, жұлдызы жоғары болмақ!», — деді Қазақстан Президенті.

https://24.kz/

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *